Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар қолға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың барлық аудан әкімдіктері өз аумақтары бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізеді. Іс-шараға қалалық басқармалар, коммуналдық қызметтер, бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады, деп хабарлады astana.kz.

Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар қолға алынды

Аудан әкімдіктері аумақты тазалау жұмыстарының кестесін жасады. Су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізу аясында «Есіл» ауданында 55 техника, «Сарыарқа» ауданында 50 арнайы техника және «Алматы» ауданында 24 техника тартылады.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері қаланың барлық аудандарынан 60 мыңнан астам текше метр қар шығарылды. Бұдан бөлек, мердігерлік ұйымдар апта сайын көпқабатты үйлердің аулаларында орамішілік қар тазалау жұмыстарын жүргізеді. Аудан әкімдіктері тұрғын үйлер, білім беру және медициналық мекемелердің аумақтарындағы, сондай-ақ, көшелердегі қарды тазалайды. Әзірленген жұмыс кестесі бойынша қар тазалау жұмыстары наурыз айына дейін жалғасады.