Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су тасқыны қаупі бар орындарды аралап шықты, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
None
None

«Бүгінгі таңда тасқын суларды өткізу жөніндегі кешенді жоспар әзірленді, оған сәйкес қауіпті аумақтарда тексеру жұмыстары жүргізілуде», делінген хабарламада.

«Басты міндетіміз - жеке тұрғын үй секторындағы қарды шығару, сондай-ақ, аулаішілік аумақты тазалау. Және де еріген қар суларын өткізу және жолдар мен тұрғын үйлерді су баспауы үшін кәріз қақпақтарын, нөсер жүйесінің жақтауларын мұздан тазарту керек», дейді Астана қалалық ТЖД-ның басшысы Барат Дұзақбаев.

Шара барысында «Сарыарқа» ауданында Дулатов көшесі, Алматы ауданында Қарағанды көшесі тексерілді. ТЖД қызметкерлері жеке тұрғын үй секторындағы өз аумағындағы қарды шығармайтын тұрғын үйлерді аралады. Осындай қожайындардың кесірінен жыл сайын тұрғын үйлердің жағдайы нашарлайды. 2015 жылы 241 үйді су басқан, соның ішінде 70 үй бақ шаруашылығы қоғамында орналасқан.

Бүгінде коммуналдық қызметтер қала аумағынан 2,1 млн тонна қар шығарған. Жеке тұрғын үйлер мен аула аумақтарындағы қар арнайы орындарға жеткізіледі. Бүгінде елордалық аумақтық шағын жүйенің азаматтық қорғау қызметтерінің бекітілген тізімі төтенше су тасқыны жағдайларын жою жөніндегі 21 қызметтен, 238 адам мен 568 техникадан тұрады, соның ішінде жедел әрекет ету қызметінде 125 адамнан құрылған отряд пен 48 арнайы техника бар.

Соңғы жаңалықтар