Астанада су тасқынына қарсы шаралар өткізіліп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада су тасқынына қарсы шаралар өткізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Күн райының күрт жылынуына байланысты Есіл мен Нұра өзендерінде су деңгейі көтерілді. 15 сәуірдегі жағдай бойынша Астана су қоймасындағы судың нақты көлемі 393,16 млн.м³ құрады (критикалық деңгейі - 410 млн м3). Соңғы тәуліктердегі төмендеу деңгейі 49 млн.м3.
Астана қаласының қорғаныс бөгетінің су көлемі бүгінгі таңда 23 млн. м3 құрады (максималды жобалық сыйымдылығы - 450 млн).
Астана қаласы ТЖД тұрғындар арасында БАҚ өкілдерін тарту арқылы түсіндірме жұмыстарын өткізуде. Ескертпе қағаздарын тарату арқылы аулаларды аралау шарасы өткізілді.
Су тасқыны жағдайына арнайы күштер құрылымы мен қажетті материалдар даярланды: барлығы жеке құрамның 1096 қызметкері, 612 дана техника (соның ішінде: Астана қаласы ТЖД 120 адам, 15 дана техника, 2 жүзу құралы, «Астана Тазалық» ЖШС 547 адам, 439 техника, «Астана Зеленстрой» АҚ 395 адам, 97 техника, ал «Астана су Арнасы» МКК 98 адам мен 69 техника жұмылдырылды).
Ильинка ауылындағы су тасқыны жағдайы бақылануда. Жыл басынан бері келесідегідей жұмыстар атқарылды: 3 434 665м3 қар шығарылды, 198 115м3 еріген қар суы сорылды, 6 690 м3 инертті материалдар дайындалды, 218 нысан қардан тазартылды (аулалары мен шатырлары), арық-канал жүйелерінен 58 316 п/м су сорылды.
Су тасқыны бар аймақтарда суды сору үшін 3 насос-тракторлері, 4 ауыстырмалы насостар қолданылды және тұрғындарға ескертпе қағаздары таратылды.
Нұра өзені бойынша. Романовка аумағында Нұра өзеніндегі су деңгейі 3,2 м (белгіленген мөлшері - 5м) құрайды. Қосшы ауылындағы Приображенск гидротүйініндегі су деңгейі 80 см (белгіленген мөлшері - 7м).
Тәулік бойы өзендердегі су деңгейінің мониторингі жүргізілуде, эвакуциялық жаттығулар пысықталды, тұрғын алаптарда мейлінше көп инженерлік техника шоғырлануда, қорғаныс дамбалары орнатылуда.
Қауіпті жағдайды алдын алу үшін қаланың коммуналдық қызметтерінің, шаруашылық органдарының бақылау шептерінде тәулік бойы бақылау жүргізіледі.