Астанада су тасқынының салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада су тасқынының салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы astana.kz сайтына ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Астанада су тасқынының салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр

Тәулік ішінде 420 өтініш келіп түсті, 14211 м³ су сорылып, шығарылды. Кеше адамдарды эвакуациялау жүргізілген жоқ, қонақ үйлерде 28 адам, соның ішінде 6 бала тұрып жатыр.

Департамент психологтары ағымдағы эмоционалдық жағдайды анықтау және психологиялық көмек көрсету үшін зардап шеккендермен әңгімелесу өткізуде.

«Қазіргі уақытта зардап шеккендер медициналық және психологиялық көмекке жүгінген жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, 6 сәуірден бастап Шығыс Ильинка тұрғын алабында Бекет ата көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің су астында қалуын болдырмау үшін Доспамбет жырау көшесінде уақытша қорғаныс бөгетін салу жұмыстары қолға алынды. Бөгеттің ұзындығы 250 метр (ені 1 м, биіктігі 60 см), 7500 қап инертті материал төселді, сондай-ақ, жалпы ұзындығы 100 метрлік соқпақтар жасалды.

Бұл жұмыстарға 191 техника мен жеке құрамнан 99 адам тартылды. Жалпы алғанда, Департаменттен 4 техника, жеке құрамнан 58 адам, «Астана Су Арнасы» МКК - 2 техника және 3 адам; «Астана Тазалық» ЖШС - 21 техника, 38 адам жұмылдырылды.