Астанада субұрқақ маусымы 1 мамырда ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Су бұрқақ маусымы 1 мамырда ашылады, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада субұрқақ маусымы 1 мамырда ашылады

Елордада барлығы 122 субұрқақ бар. Оны дайындау жұмыстары 23 наурызда басталған. Осы уақыт ішінде субұрқақтарды суық уақытта сыртқы әсерден қорғайтын фанерлер жөнделді. Айналасы қоқыстардан тазартылды. Шамдары мен сорғы жабдығын баптау жұмыстары жүргізілді.

Қалалық субұрқақты  ретке келтіру үшін  «Астана-Зеленстрой» АҚ-ның 150 қызметкері тартылды.

 «Ақорда мен «Бәйтерек» монументі маңында екі субұрқақта шамды-музыкалық көрініс қала тұрғындары мен қонақтарына бұрынғыша қуаныш сыйлайтын болады. Жұмыс уақыты -   8.00-ден  23.00-ге дейін», - деп хабарлады «Астана-Зеленстрой» АҚ.