Астанада субұрқақтар 1 мамырда іске қосылады

Астанада субұрқақтар 1 мамырда іске қосылады
Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Астанда фонтандарды іске қосуға дайындық жүріп жатыр: қайта консервациялау және жөндеу-қалпына келтіру жұмысы.

Елорда әкімдігінің сайты хабарлағандай, Қазақстан халқының Бірлігі күні, 1 мамырда Астанада дәстүрлі түрде субұрқақтар іске қосылады.

Қазіргі уақытта елорда аудандарының әкімдіктері фонтандарды дайындау жұмысын белсенді жүргізіліп жатыр. Қалада 50-ден астам субұрқақ іске қосылады.

Бұған дейін биыл Астанада мыңнан астам адам қызылша жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар