Астанада суға тарифтер өседі

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Астанада қыркүйек айында суға тарифтер 15-20 пайызға өседі.

Астанада суға тарифтер өседі

Бұл туралы «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының сайтында хабарланды.

Су тұтынуды есептеу құрылғылары бар және адам басына 3 текше метрге дейін ғана су пайдаланатын елордалықтар ең төменгі, яғни бұрыңғы 34,91 теңгенің орнына текше метріне 30,36 теңге тарифі бойынша төлем жүргізетін болады.

Ал адам басына шаққанда суды 3 текше метрден көп пайдаланатын тұрғындар бұрыңғыдай 36,43 теңге емес, текше метріне 41,9 теңге тарифімен (15 пайызға өсті) төлем жүргізеді.

Су тұтынуды есептеу құрылғылары жоқтары қазіргідей 43,72 теңге емес, судың әрбір текше метрі үшін 52,46 теңге төлейтін болады. Демек қыркүйектен бастап ол 20 пайызға өседі деген сөз. Бұл судың ең жоғары тарифі болып саналады.

Кәріз қызметінің бағалары жалпыға бірдей 24,21 теңгеге дейін өспек.  Қазір оның тарифі текше метріне 21,06 теңге. Жаңадан өзгертілетін тарифтердің бағалары келесі жылдың қыркүйегіне дейін өзгертілмейді. Кейін "Астана су арнасы" су тарифтерін кезекті рет жоғарылатуды жоспарлауда.