16:50, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Астанада «Супер АНА» байқауы өтеді
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Астанада «Супер АНА» байқауы өтеді, деп хабарлады Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасынан.

Аналардың бала көтеру кезеңінде оларға қажетті медициналық білімдерін және қабілетерін жоғарылатуға бағытталған аталмыш шара 2 желтоқсан күні №1-шi Қалалық балалар ауруханасында өткізілмек.
Қазақстан тәуелсiздiгiнің 20 жылдығы және Ұлттық денсаулық күні мен қазақстандықтардың өз денсаулығына салауатты өмiр салтының мәдениетiн ұстануға насихаттаудың жиырма күндігі аясында өткелі отырған байқауда аналар арасында қызықты сайыстар ұйымдастырылмақ.
Жарысқа №1-шi Қалалық балалар ауруханасының ұжымы да атсалысады.