Астанада суретші Жеңісбек Әбдіраманның «Атамекен» атты жеке көрмесі ашылады

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Ертең, қазанның 1-де елордадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында қылқалам шебері Жеңісбек Әбдіраманның «Атамекен» атты жеке көрмесі ашылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Жеңісбек Әбдіраман  60-шы жыдардағы белгілі суретші Салихитдин Айтбаевтың шәкірті әрі ізбасары. Оның қылқаламынан туған өнер туындылары ұшы-қиыры жоқ ұлы даланың аңыздары, көшпенділердің өмірі, ауыл тұрмысы, жалпы Қазақстанның бай тарихынан сыр шертеді.

Ағымдағы жылы қазанның 20-сына дейін жалғасатын көрмеге автордың 41 туындысы қойылмақ.

Соңғы жаңалықтар