Астанада сыбайлас жемқорлық қылмысы 1,5 есеге артқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы бiрiншi жартыжылдықта өткен жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда Астанада анықталған сыбайлас жемқорлық қылмысы 1,5 есеге артып отыр.
Бұл туралы бүгiн Астана қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментiнiң Жемқорлық iстердi ашу және алдын алу 2-басқармасының басшысы Аслан Рыспаев мәлiм еттi.
"Есептік кезеңде департаменттің жедел-тергеу жұмысының нәтижелері жалпы оң өзгерісті көрсетіп отыр.
Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде 84 сыбайлас жемқорлық қылмысы ашылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,5 есе жоғары немесе 55-тен 84-ке дейін артқан", - деп атап өттi ол.
Аяқталған сыбайлас жемқорлық қылмыстық істердің үлес салмағы өндірістегі істердің 82% (59) құрайды. Бұл ретте 26,5% немесе 22 іс оңайлатылған сотқа дейінгі өндіріс бойынша аяқталды.
Қылмыстардың жалпы залал сомасы 29,7 млн. теңге болса, өтелген залал сомасы 3 млн. теңге, ал мүлікке салынған тыйым 13,3 млн. теңгені құрады.