Астанада сыйымдылығы жоғары мектептер салына бастайды
«Шағын мектептерден гөрі сыйымдылығы 1200-2000 мың оқушыны қамтитын білім нысандарын салуға көшіп жатырмыз (екі ауысымда 4 мың орынға дейін). Бұл шешім мектептерімізге түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді», - деп жазды ол.
Кеше қала басшысы Т.Рысқұлов және №36, Е171 көшелерінің қиылысында салынып жатқан оқу орнының құрылысымен танысып қайтқан.
«Бұл мектеп нысанын биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Осы жылы салынатын мектеп саны – 12. 2021 жылы тағы осынша білім нысаны салынады.
Мектеп, балабақша, тұрғын үй және басқа да әлеуметтік нысандарды салған кезде дизайн-код ережелерін ұстанамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес стилистикалық тұрғыда бірыңғай, жайлы әрі қауіпсіз қаланы қалыптастыратын дизайн-код бекітілді», – деп жазды А.Көлгінов.