Астанада «Таблиғи жамағат» экстремистік ұйымына қатысты бір топ адам сотталды

Келесі азаматтар К.А.Т, Е.К.О, Б.К.К, Н.Б.Н. және Х.Х. «Таблиғи жамағат» ұйымының қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар екенін біле тұра, қасақана тікелей пиғылмен Астана қаласының аумағында осы халықаралық діни экстремистік ұйымының идеологиясын кеңінен тарату мақсатында, оның қызметін жетілдіруге, жақтастардың санын арттыруға, яғни қызметін ұйымдастыруға бағыттаған. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталған дерек бойынша, 2015 жылы 7 тамыз айында Астана қаласы бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құқық бұзушылық туралы хабарлама сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
"15.12.2015 жылы К.А.Т, Е.К.О, Б.К.К, Н.Б.Н. есімді азаматтар ҚР ҚК 405-бабының 1-бөлімі бойынша және Х.Х. есімді азамат 405 бабының 2- бөлімімен, 164-бабының 1-бөлімімен көзделген қылмысты жасау бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және сотқа жіберу үшін Астана қаласының прокуратурасына келіп түсті.
Қала прокуратурасының қарап тексеруінің нәтижесі бойынша айыптау актісі бекітілді және 25.12.2015 жылы айыптау жөнінде қылмыстық іс мәні бойынша қарауға Сарыарқа ауданының №2 сотына жіберілді.
18.02.2016 жылы Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 405-бабының 1-бөлігімен айып тағылған К.А.Т., Е.К.О., Б.К.К., Н.Б.Н. есімді азаматтар әрқайсысы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына және де ҚР ҚК-нің 164-бабының 1-бөлігімен, 405-бабының 2-бөлігімен айып тағылған Х.Х. есімді азамат 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, жазаларын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді", - деп жазылған хабарламада.