Астанада тағам және сән фестивалі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Арай» саябағында тағам және сән фестивалі өтті, бұл шара осымен екінші жыл бойы елорда тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл-күй сыйлап келеді, деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз қызметі.

Астанада тағам және сән фестивалі ашылды

Фестиваль бірнеше аймақтарға бөлінген, биылғы жылы бұрынғыдан да ауқымды болды.

«Фестивальдің «Астаналық» аймағында дастарқан мәзірінің неше түрі бар, «Көкбазар» секторында отандық өндірушілер табиғи өнімдерін ұсынады, «Жерұйық» секторында стритфуд саласындағы қызықты стартап-жобаларды көруге болады. Бұл жоба арқылы біз фастфудтфың стритфудтан ерекшелігін көрсеткіміз келді. Дұрыс жәге сапалы өнімдермен тамақтану қажет. Мұнда сіздер дәмді, пайдалы және табиғи өнімдердің дәмін ата аласыздар. Сондай-ақ бұл біздің отандық өндірушілердің шағын және ортак бизнесін қолдау», дейді Astana food and fashion festival бас ұйымдастырушысы және идеялық жігерлендіроушісі Әлия Сапарова.

Pop Up Shop Astana аймағында қонақтар дизайнерлік киімдер, әшекейлер, үйдің ішкі интерьерімен және көркем галереямен таныса алады.

Саябақ аумағында келушілердің жанына дөп келетін ойын-сауықты тамашалай алады. Спорт әуесқойлары үшін кроссфит-алаңқай әзірленген. Астаналық бүлдіршіндер де жақсы көңіл-күйде болмақ, олар үшін «Кинотеатр» секторында зауанпауи фильмдер көрсетіледі, ал «Чиллаут» аймағында жайлы отырып, ыстық кофе ішіп, демалуға мүмкіндік бар.

Фестиваль ертең де, 28 тамызда сағат 12-ден 20-ға дейін қонақтарды қуантпақ.