Астанада тағы бір аллея ашылды
АСТАНА.KAZINFORM - Елордада Мәңгілік Ел даңғылы, 36 мекенжайында «Астана қаласы мәслихатының 30 жылдығы» аллея салтанатты түрде ашылды, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Барлық сайланымның депутаттары «Астана қаласы мәслихатының 30 жылдығы аллеясын» ашты. Барлығы 30 жас қарағай отырғызылды.

«Мұнда жыл бойы бүкіл ел бойынша мерейтойлық күнге орайластырылған мәдени және спорттық іс-шаралар өтеді, депутаттар қайырымдылық акцияларының бастамашысы болады. Мерейтойлық жыл бірінші кезекте қаламыздың тұрғындары үшін пайдалы, қайырымдылық істермен атап өтіледі», - деді елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.


19-20 қазан, осы демалыс күндері Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары елордаға 1200 тоннадан астам өнім әкелетінін жазған болатынбыз.