13:44, 18 Шілде 2024 | GMT +5
Астанада тағы бір көше уақытша жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Жұлдыз айналымында жол төсеміне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлады.

Осыған байланысты осы жылдың 18-22 шілдесі аралығында жоғарыда аталған учаске жабылады.

«Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.