Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Бұқар жырау көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап, хабарлады.
Бұқар Жырау көшесі бойынша Қабанбай батыр даңғылына жақындаған жолдың жүру бөлігін кеңейту бойынша жұмыс жүргізіледі.

«Осыған байланысты 15 шілдеден 15 тамызға дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылының өзі ашық болады, ал көлік қозғалысы Бұқар жырауға іргелес көшелермен жүргізіледі», — делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.