Астанада тағы бір велосипед мінген баланы көлік қағып кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада жасы шамамен 6-7-гі велосипед тізгіндеген баланы көлік қағып кетті. Қазір полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Бұл туралы threads әлеуметтік желісіне куәгер болған адамдар жазды.
Оқиға 12 маусымда Қошқарбаев даңғылы мен Жұмабаев көшесінің қиылысында болған.
Әлеуметтік желіде (Threads) куәгерлер оқиға орнынан фото жариялап, шамамен 6–7 жастағы баланы көлік қағып кеткенін жазған.
Астана қаласы полиция департаменті бұл деректі растады. Ведомство мәліметінше, Ford маркалы автокөлік жүргізушісі кәмелетке толмаған велосипедшіге соқтығысқан. Зардап шеккен жасөспірімді бірден ауруханаға алып кеткені хабарланған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада жүк көлігі велосипед мінген баланы қағып кеткен болатын.