Астанада тағы бір жол учаскесі уақытша жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Қ.Аманжолов көшесінің Ш.Қалдаяков көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты осы жылғы 26-29 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабық болады.
- Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, - делінген әкімдік хабарламасында.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
- Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, - делінген хабарламада.
Астанада Қ. Мұхамедханов пен Ш. Айтматов көшелерінің қиылысы ішінара жабылғанын жазған едік.