Астанада тағы бірнеше автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
АСТАНА. KAZINFORM — № 1, 6, 11, 85 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлім етті.
Айта кетейік, «Восток ТК», «Балауса ТҮК» аялдамасына автобустардың тоқтау мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты бағдарлар жолаушыларды аталған аялдамаларда уақытша отырғызып, түсірмейді.
Астанада әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысының уақытша толық жабылады.
Бұған қоса елордада жол жөндеу жұмысына байланысты 16 мамыр сағат 21:00-ден 18 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін Жаңажол көшесінен Алаш тасжолына дейінгі аралығында көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
«City Transportation Systems» ЖШС бұған дейін № 2, 3, 14, 21, 32, 50, 75, 60, 66, 503, 508, 11, 48, 57, 507 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгеретінін хабарлады.