Астанада тағы 10 автобус бағдары ASTRA Plat жүйесіне қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тағы 10 автобус бағдары ASTRA Plat жүйесіне қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада тағы 10 автобус бағдары ASTRA Plat жүйесіне қосылды

«ASTRA көліктік картасы қалалық нөмірі 7, 14, 17, 26, 33, 51, 44, 50, 52, 60 бағдарындағы автобустарда қолданысқа енгізілді»,-деп атап өтілген  «АСТАНА LRT» компаниясы мәліметінде.

Естеріңізге сала кетелік, Елордада ASTRA Plat электронды жүйесінің III кезеңі жүзеге асырылуда. Көліктік карталар барлық экспресс маршруттарда № 101, 102, 103, 105 және № № 1, 3, 5, 6, 8, 9, 10, 12, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 28, 29, 32, 36, 40, 46, 61, 73, 80 қалалық маршруттарда іске қосылған. Әр автобуста электронды төлемдер қабылдайтын валидаторлар орнатылған.

ASTRA көлік карталары жұмыс істейтін барлық автобустардың есіктерінде арнайы ерекшелік стикерлері бар.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елорда тұрғындары мен қонақтары көлік карталарын аялдама пунктерінің қасында және қаланың сауда орталықтарында орнатылған RTVM автоматтарынан сатып алып, толтыра алады. Сондай-ақ, жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін бұл қызметтер қаланың арнайы кассаларында қолжетімді.

Еске салсақ, ASTRA көлік карталарының үш түрі бар: толтырылатын, мектеп және жеңілдікті түрі. Жолақы төлеудің үйреншікті әдістері - ақшалай есеп айырысу және жол жүру билеттері күшінде қалады.