Астанада тағы бір бала терезеден құлаудан құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада құтқарушылар тағы бір баланың терезеден құлаудан құтқарып қалды, деп хабарлайды қалалық ТЖД .

Астанада тағы бір бала терезеден құлаудан құтқарылды

Өткен демалыс күндері құтқарушылар кезекті рет кішкентай баланың терезеден құлап қалуының алдын алды. Бұл оқиға Қайрат Рысқұлбеков көшесі бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Құтқарушылардың келіп жеткен кезде бала екінші қабаттағы ашық қалған терезесінің алдында тұрды. Баланың құлап кетуін ескере отырып, құтқарушылар соққының жеңіл болуы үшін жерде көрпені созып ұстап тұрды. Алайда, ондай жағдай болмады, құтқарушылардың бірі саты арқылы пәтерге кіріп, баланы тыныштандырды. Кейін кішкентай қыз баланың ата-анасының қарауынсыз қалғаны белгілі болды. 

Айта кетерлігі, астаналық құтқарушылар соңғы кездері жиілеп кеткен терезеден балалардың құлап кетуіне қарсы күресуде. Оқиға кезінде балалар терезенің алдына өз бетімен немесе тіреуіш ретінде әр түрлі затты қойып шыққан. Барлық балалар ата-ананың қарауынсыз қалаған.

Мысалы, 3 тамызда Республика даңғылы 43А мекенжайында байқаусызда бала 5 қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ 6 тамызда 187 көше 14/4 үй мекенжайында бес қабатты үйдің 4 қабатынан ата-анасының қарауынсыз қалған бала құлап, ауруханаға жеткізілді.