Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір көшеде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылды

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрлымын дамыту басқармасының мәліметінше, бүгін Жәнібек Тархан көшесінің автожол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Осыған байланысты 12-16 маусым күндері Асан Қайғы көшесінен Ахмет Жұбанов көшесіне дейінгі аралықта көлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Бұған дейін 5 көшедегі жөндеу жұмыстары туралы жазған едік.