Астанада тағы бір сәулетті демалыс алаңы салынбақ

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Жақын арада елорда тұрғындары үшін жаңа алаң - демалыс пен көңіл көтеретін жаңа орын ашылады. Бұл туралы Астана қаласының бас жоспарымен танысу барысында белгілі болды.

Астанада тағы бір сәулетті демалыс алаңы салынбақ

Жаңа дөңгелек алаң Триумфалды арканың жанында Орынбор даңғылы мен 25-көшенің қиылысында орналасады. «Қазіргі уақытта Триумфалды аркада жаңа дөңгелек алаң салынып жатыр. Триумфалды арка ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай құрылған. Оның сәулетін, биіктігін, көлемін ескере келе, біз қала құрылысы кешенін, сәулет ансамблін жасап жатырмыз», - деді қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкий astana.kz сайтына берген сұхбатында. Айта кетейік, алаң территориясында сауда ойын-сауық нысандары: мейрамханалар, дәмханалар мен дүңгіршектер орналасады. «Алаң аумағында жерасты тұрақ жасалады, онда техникалық орынжайлар, дәретханалар болады, бәрі де төменде. Алаңның өзінде мейрамханалар, сауда орындары ашылады, олар бірінші қабатта орналасады. Алғашқы екі қабат адамдарды тарту үшін жасалады, олардың демалуына, серуендеуіне, кофе ішуіне, балалармен ойнауға арналады. Алаң қаланың демалыс және мәдениет орнына айналады. Бұл жаңа демалыс орнының Астананың жаңа нышаны болғанын қалаймыз», - деді В. Силецкий.