Астанада тағы бір жаңа құрылыс отқа оранды
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада тағы бір жаңа құрылыста өрт шықты. Пайдалануға берілген тұрғын үй кешенінде таңертең өрт бұрқ ете қалды - санаулы минуттардың ішінде жанын он алты қабатты үйді орап алды. Төтенше жағдайдың ауқымы қаланың әр бұрышынан анық көрінді, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Алғашқы өрт сөндіру командасы шақырудан кейін үш минутта келіп үлгерді. Ал шамалы уақыттан кейін отты сөндіруге он төрт машинаның көмегімен елуден астам адам жұмылдырылды. Жалын төрт жүз шаршы метр аумақты қамтыды - ғимараттың сыртқы жабыны мен оның ішіндегі жылыту материалдары жанды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға дәнекерлеушілердің абайсыздығынан болған. Өрт жарты сағаттың ішінде ауыздықталды. Жақында ғана құтқарушылар осы ғимаратта жаттығу өткізген болатын және оған жаңа тікұшақ та тартылған еді.