09:23, 09 Сәуір 2023 | GMT +5
Астанада тағы бірнеше автобустың бағдары өзгереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше автобустың бағдары уақытша өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 9, 11, 28, 29, 29А, 48, 71 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - деп жазды City Transportation Systems«ЖШС.




