Астанада тағы екі автожолда жөндеу жұмыстары басталды
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Астана –Қарағанды тасжолы мен Қобда тұйық көшесінің қиылысында, сол сияқты Айтматов көшесі мен Қорғалжын тасжолының қиылысында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Атап айтқанда, Айтматов көшесі мен Қорғалжын тасжолының қиылысында оң жақ түсу жолының төсеміне орташа жөндеу жүргізілуде. Осыған байланысты 7 маусымда Айтматов көшесінен Ильинка елді мекені бағытындағы оң жақ түсу жолы толығымен жабылды.
Сондай-ақ жол төсеміне жөндеу Астана – Қарағанды трассасы мен Қобда тұйық көшесінің қиылысында басталды. Мұнда көлік қозғалысына 7-9 маусым аралығында ішінара тыйым салынады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.