Астанада таксидің ең төменгі тарифі арзандады

Оның айтуынша, шағым беру кезінде жүргізушіні анықтау үшін міндетті түрде көліктің нөмірі айтылуы керек.
«Бүгін біз әлеуметтік желіде АСТАНА TAXI қызметінің бағасы қымбат екенін, жүргізушісі мәдениетсіз және оның қызмет көрсетуі төмен деңгейде екенін естіп жатырмыз. Біз бұл жағдайға қатысты сөз таластырғымыз келмейді. Бірақ әлеуметтік желі қолданушылары көліктің нөмірін немесе жүргізушінің кім екенін айтпағаннан кейін біз нақты шараларды қолдана алмай отырмыз», - дейді Құрманов.
Қауымдастық төрағасы қала тұрғындары мен қонақтарына мұндай жағдай туындаса ASTANA TAXI қызметінің call-орталығына (15800 нөміріне) хабарласуға немесе 8700 555 76 07 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы шағым жолдауға болатынын айтады. Шағымданар кезде міндетті түрде көліктің мемлекеттік нөмірі болуы керек. Құрманов сонымен бірге, өз сөзінде мұндай келеңсіз жайға тап болған адамдардан кешірім сұрады.
Бұған қоса қалалық жүргізушілер қауымдастығының төрағасы такси қызметінің бағасы туралы пікірін білдірді.
«Тарифті таксомоторлық компанияның өзі белгілейді. Бірақ бүгінгі таңда баға экономикалық жолмен қойылмайды, яғни көлікті пайдалану және осы кезең ішінде қызмет көрсетудің барлық жиынтығынан құралатын барлық тұрақты және өзгермелі шығыстар ескерілмейді. Егер осындай әдісті қолдансақ, онда баға қазіргіден жоғары болуы керек. Сондықтан, таксопарктер нарыққа тәуелді», - дейді ол.
Медет Құрмановтың сөзіне сүйенсек, таксомоторлық компаниялар жолаушыларды тасымалдау бойынша күнделікті нұсқаудан өтеді.
«Электрондық таксометрлер әрбір автокөлікте орналастырылған. Онсыз жүргізуші желіге жіберілмейді. Бірақ таксисттер мен тұтынушылар өзара келісіп алып, жүру де әдетке айналып кетті. Ресми тасымалдаушыларда баға қымбат деген түсінік қалыптасты. Бірақ олай емес. ASTANA TAXI Бірыңғай қызметінің ең төменгі тарифі 700 теңгеден 500 теңгеге төмендеді», - дейді ол.