Астанада таксилердің нөмірі бірыңғай түске ауыстырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада таксилердің нөмірі бірыңғай түске ауысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің медиа орталығына сілтеме жасап.
None
None

Келесі жылдан бастап қаладағы таксилердің мемлекеттік нөмірлеріне бірыңғай түс қолданылады.

«2018 жылы таксилердің мемлекеттік нөмірлеріне бірыңғай түстер гаммасын қолдану бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр.

Әлемдік тәжірибе бойынша, дамыған елдерде жолаушы мен багаж тасымалдайтын таксилердің мемлекеттік нөмірлері бірыңғай түспен боялады. Осындай өзгеріс жолаушылар мен қадағалау органдарына заңсыз тасымалдаушылар арасынан ресми таксилерді ажыратуға мүмкіндік береді», - делінген басқарма таратқан хабарламада.

Сонымен бірге, алдағы уақытта қаладағы такси көліктері газға көшіріледі.

Бүгінгі күні 150 көлікке газбалондық құрал орнатылды. 2018 жылы шамамен 500 такси автомобильдерін газға ауыстыру жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар