Астанада «Tamiz Invest Group» компаниясының құрылыс нысандары проблемалы деп танылды - Астана әкімдігі

АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Астанада «Tamiz Invest Group» компаниясының құрылыс нысандары проблемалы деп танылды.

Астанада «Tamiz Invest Group»  компаниясының  құрылыс   нысандары проблемалы  деп  танылды   - Астана  әкімдігі

Енді үлескерлер келісімшарттарын қайта тіркетулері керек, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«Қыркүйектің 24-інде Астана әкімдігінің жанындағы үлестік құрылыс мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәжілісі болды, онда «Tamiz Invest Group» компаниясының үлестік құрылыс нысандарын проблемалы деп тану туралы шешім қабылданды», делінген сәрсенбі күні таратылған ақпаратта.

Проблемалы нысандардың қатарына «Алтын Раид», «Территория комфорта-1», «Территория комфорта-2», «Орбита» және «Магистральный» тұрғын үй кешендері кіріп отыр.