Астанада «Таңдаулы пациенттің» есімі аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда емханаларында биылғы жылдың мамыр айында басталған «Таңдаулы пациент» республикалық конкурсының бірінші және екінші кезеңдері қорытындыланды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап, Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Конкурстың бірінші туры Астананың амбулаторлық-емханалық ұйымдарында жүргізілді. Оның қорытындыларымен 7 таңдаулы үміткер іріктелді, олар құрмет гамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды. Бұдан кейін осы қатысушылар конкурстың екінші турына өтті.

Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері барлық ұсынылған кандидатураларды зерделеп, нәтижесінде жеңісті Валентина Пономаренкоға берді. Ол біздің қаламыздың «Таңдаулы пациенті» атанды. Бұл жеңіске жетуге оның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы мүмкіндік берді, конкурстың да басты өлшемі осы болатын. Сондай-ақ ол дәрігерге жүйелі қарала отырып, дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдап отырды және салауатты өмір салтын ұстанды, бұл Валентинаның мүгедектіктің екінші тобынан үшіншісіне ауысуына мүмкіндік берді. Бұл оның денсаулығы мен өмір сапасының елеулі жақсарғанын білдіреді. Енді ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы деңгейіндегі үшінші турға қатысып, еліміздің 14 облысының тұрғындарымен ең таңдаулы атағын иелену үшін сайысқа түседі.

Ведомство қызметкерлерінің айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты - адамдардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыруға, дәрілік заттарға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыруға пациенттерді ынталандыру болып отыр.

Соңғы жаңалықтар