Астанада танымал қазақстандық суретшінің жеке көрмесі өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әскери-тарихи мұражайда республикаға танымал суретші-кескіндемеші, ғалым, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР мәдениет қайраткері Қалиолла Ахметжанның жеке көрмесі өтуде, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Астанада танымал қазақстандық суретшінің жеке көрмесі өтуде

Қалиолла Ахметжан - көптеген республикалық және шетелдік көрмелерге қатысқан. 

Суретшінің жұмыстары Қазақстан, Грузия, Ресейдің мұражайлары қорларында сақталуда. Көрмеде қазақ халқының тарихы, өнері, тыныс-тіршілігі көрініс тапқан. Картиналардан басқа қазақ халқы фольклоры мен қару-жарақ тарихы бойынша автордың ғылыми жұмыстары ұсынылған.

Көрменің мақсаты Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық құндылықтарын насихаттау. Көрменің мән-мағынасы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған идеялармен ұштасады.

Елорданың тұрғындары мен қонақтары көрмені күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Астана қаласы Республика даңғылы 2 мекенжайында орналасқан Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Әскери-тарихи мұражайында тамашалай алады.