10:07, 20 Қазан 2017 | GMT +5
Астанада танысының 20 млн теңгесін алдап алған күдікті қолға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД «Есіл» ауданы ІІБ тергеу бөлімі 27 жастағы Дәурен Пернебаевқа қатысты алаяқтық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Ол танысының сенімін теріс пайдаланып, алдап, ақшалай қаржы беруін сұрап, оған процентпен қайтаруға уәде еткен. Осылайша ол алаяқтық жолмен қала тұрғынының 20 млн теңге көлемдегі қаржысын иемденген.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы «алаяқтық жасау» бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дәурен Пернебаевтың алаяқтық әрекетінен зардап шеккен азаматтардың мына нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: 8 (7172) 79-05-61, ұялы тел. 8-708-110-79-37 немесе 102.