Астанада тапсырыспен кісі өлтірмек болған күдікті ұсталды

Астаналық полицейлер тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды, деп хабарлайды Kazinform.

қылмыс
Фото: Kazinform

Екі күдікті, яғни тапсырыс беруші мен кісі өлтіруге тапсырыс алған адам анықталды.

Қылмысқа тапсырыс беруші жұмсалған мүлік үшін жауапкершілік алғысы келмей, одан жалтармақ болған.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдіктілер Астана-Көкшетау тас жолында ұсталды.

- Тінту кезінде көліктің салонынан жауынгерлік тапанша мен 9 мм калибрлі 5 патрон табылды, сонымен қатар тапсырыс берушінің үйінен тағы басқа осыған ұқсас 34 оқ-дәрі тәркіленді, - деді Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Арғын Алтынбеков.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.