Астанада Тарас Шевченко ескерткішінің жобасы бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы украин ақыны Тарас Шевченкоға арналған ескерткіштің жобасын бекітті. Бұл туралы Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да украин ақыны Тарас Шевченконың 204 жылдығына орай дөңгелек үстел отырысы аясында Украина елшілігі жанындағы қоғамдық кеңестің тең төрағасы Владимир Скрытник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада Тарас Шевченко ескерткішінің жобасы бекітілді

«Украиндық суретшілер алқасы жобаны даярлап қойды. Ескерткіш нұсқасы осында қорғалып, қабылданды. Онда тұтас композиция қамтылған, дәл ортасында Тарас Шевченконың ескеткіші орналасады. Сонымен қатар, сол жағында украиндық екі тұлғаның, ал оң жағында қазақтың екі тұлғасының бейнесі қойылады», - деп атап өтті В. Скрытник.

Осы орайда бұл композиция бекітіліп, ескерткіш орнатылатын орын белгіленді. Енді қаржыландыру мәселелері пысықталуда.

Тарас Шевченкоға арналған ескерткіш Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ маңында қойылады. Монументтің биіктігі 3,8 метр болмақ.

Айта кетейік, бұдан бұрын Киевте қазақ ақыны Жамбыл Жұмабаевқа ескерткіш орнатылған еді.