Астанада Татарстан киносының күндері өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың 20 жылдығына орай 4-5 шілде күндері елордада Татарстан киносы күндері өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Астанада Татарстан киносының күндері өтеді

Бағдарламаны 14-ші Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің құрметті қонақтары «Татаркино» ТР МБММ директоры Миляуша Айтуғанова мен Татарстан Республикасы Кинематографистер одағының төрағасы Ильдар Ягафаров ұсынады.

Бағдарламада «Байгал»  (режиссері Ильдар Ягафаров) және «Мулла» (режиссерлер: Рамиль Фазлиев, Амир Галиаскаров) толық метражды картиналары, сондай-ақ «Татарометражки» (режиссері Салават Юзеев) және «Не верю, представь» (режиссері Ильшат Рахимбай) атты қысқа метражды фильмдері көрсетіледі. Фильмдер татар тілінде, орысша субтитрмен ұсынылады.

Татарстан киносының күндері Ресей ғылым және мәдениет орталығында (Кенесары көшесі, 39), 19:00-де басталады. Кіру тегін.

Шараны Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Уәкілетті өкілдігі, «Татаркино» ТР МБММ, «Россотрудничество» федералдық агенттігінің Қазақстандағы өкілдігі, Қазақстан татарлары мен башқұрттарының конгресі, Астана қаласындағы «Дуслык»  татар білім беру-мәдени орталығы ұйымдастырып отыр.