Астанада «Тәуелсіз Қазақстан: елес соңы және жасампаздық тарихы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат  - Желтоқсанның 10-ында елордада «Тәуелсіз Қазақстан: елес соңы және жасампаздық тарихы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,

Астанада «Тәуелсіз Қазақстан: елес соңы және жасампаздық тарихы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конференция Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша гуманитарлық зерттеулердегі мемлекеттілік тарихы мен теориясы мәселелерін, тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерттеу және оқыту мәселелерін талдау сияқты маңызды тақырыптарды қамтиды.

Мемлекет тарихы институты ұйымдастыратын ғылыми-тәжірибелік іс-шараның негізгі мақсаты - тәуелсіз Қазақстанның жүріп өткен тарихи кезеңдерінің өзекті мәселелерін заман талабына сай объективті зерттеу, тарихи танымды қалыптастырудың жолдарын анықтау.

Алқалы жиынға мемлекет қайраткерлері, Қазақстанның көрнекті ғалымдары, ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады.

Шара барысында «Қазақстан тарихы: оқулықтар ғалымдар мен педагогтар көқарасымен» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қазіргі заманғы ұлттық тарихнаманың өзекті мәселелері бойынша жетекші мамандардың шеберлік сыныптары өткізілмек.