Астанада Тәуелсіздік даңғылында көлік қозғалысы толық тоқтатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 25 тамызда Тәуелсіздік даңғылының Момышұлы даңғылынан Бейбітшілік және келісім сарайына қарай Қошқарбаев көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.
«Аталған жол бөлігінде 26 тамызға дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Елордалық жүргізушілерден жол бағдарларын алдын ала жоспарлауын сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.