Астанада Тәуелсіздік күніне орайластырылған «БІЗДІҢ ЕЛ ОСЫНДАЙ!» ақындар айтысы өтеді

Аталған ведомсто баспасөз қызметінің мәліметінше, айтыстың негізгі мақсаты - айтыс өнерін төл мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа кеңінен насихаттау. Өскелең ұрпақ санасына ата бабаларымыз сан ғасырдан бері аңсап жеткен Тәуелсіздіктің тағылымын ұялату. Халық арасынан шыққан жас айтыскер ақындарға демеу көрсетіп оларға БАҚ арқылы жарнама жасау.
Айтыстың ерекшелігі - айтысқа аймақтық ақындар айтысында сұрыпталып, топ жарған жеңімпаздар ғана қатысады. Ақтық айтысқа жолдама алғандардың негізі жастар, олар халыққа кеңінен танымал: Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғақов, Мұхтар Ниязов, Әсем Ережеқызы, Балғынбек Имашев, Мейірбек Сұлтанхандар өзара сайысқа түседі.
Бас бәйгеге «Алтын домбыра» тігіліп отыр.
Айтыстың қазылар алқасы құрамында Халық ақындары Әсия Беркенова, Әселхан Қалыбекова, айтыскер ақын Есенқұл Жақыпбеков, фольклортанушы-ғалым Серік Негимов және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман бар.