Астанада Тәуелсіздік күніне арналған көрме ұйымдастырылды

Астанада «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «Шаһар шежіресі» атты көрме ұйымдастырылды. Ол  Тәуелсіздік күні мен Астана қаласының 25 жылдығына арналды, деп хабарлайды Kazinform елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астанада
Фото: gov.kz

Көрмеге қалалық мемлекеттік архивте сақталған елорда тарихы туралы құжаттар мен фотосуреттер қойылды. 

Астанада
Фото: gov.kz

«Халқымыздың бай тарихын енді жастар жалғастыруы керек. Қаламызда қаншама қазақ мектептері ашылып жатыр. Кезінде соғыстың алдында 5-6 қазақ мектебі болды, тың игеру кезінде жалғыз қазақ мектеп-интернаты қалды. Қазір қаламыз жоғары қарқынмен өсіп жатыр. Бұрын тұрғындардың 70-80 пайызы қазақ болса, тың игеру кезінде 10 пайызға дейін түсіп қалды. Бүгінде бас қаламыздағы жергілікті ұлттың үлесі 90 пайызға жетті. Қала тұрғындары 200 мыңнан бастап 1,5 млн өсті», - деді көрменің ашылуында сөз сөйлеген Марат Әбсәметов.

Жиналған көпшілік алдында сөз сөйлеген ғалым қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 

Астанада
Фото: gov.kz

«Хан Шатыр» ойын-сауық орталығындағы осындай маңызы бар көрме 3 күн бойы қала тұрғындарына есігін айқара ашпақ. Оларды архив қызметшілері көрмеге қойылған құнды деректермен таныстыратын болады.

Астанада Тәуелсіздік күніне арналған көрме ұйымдастырылды
Фото: gov.kz

Көрменің ашылуына қалалық архив басшысының орынбасары Төлеуғали Қышқашбаев, өзге де тарихшы ғалымдар, қала тұрғындары қатысты.

Соңғы жаңалықтар