Астанада таяу тәуліктерде ауа райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Елордада демалыс күндері күн бұлыңғыр, температура 4 градустан жоғары көтерілмейді, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Астанада таяу тәуліктерде ауа райы қандай болады

13 қазанда көшпелі бұлт шығып, аздаған жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Температура түнде 0...+2°С, күндіз +2...+4 °С.

14 қазанда күн бұлтты, аздаған жауын жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура түнде 0...-2°С, күндіз +1...+3 °С.

 15 қазанда күн бұлттанып, аздаған жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, екпіні 20 м/с. Температура түнде 0 °С жуық, күндіз +1+3 °С.