Астанада таяудағы үш күн жауынды болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада таяудағы үш күн жауынды болады, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметі.

Астанада таяудағы үш күн жауынды болады

Синоптиктердің болжамынша, елордада алдағы күндері жаңбыр жауып, күн күркірейді. Бүгін өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, ауа температурасы күндіз +22+24°С, түнде +14+16°С жылы болады.

Сенбі, жексенбі күндері күн ала бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауады. 13 маусым, сенбі күні ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +25+27°С болады. Жексенбі күні жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°, күндіз +18+20°С болады.