Астанада техникалық қызмет көрсету стансасында слесарь қаза тапты

АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Елорданың Сарыарқа ауданында кеше сағат 17.36-да «ТНВ companu LTD» ЖШС техникалық қызмет көрсету стансасында оқыс оқиға болды.

Астанада техникалық қызмет көрсету стансасында слесарь қаза тапты

Тегістейтін бұрыштық машинамен жұмыс істеу кезінде 23 жастағы слесарь жарақаттанып, сол жерде көз жұмды

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.