Астанада тек электромобильдерге арналған тұрақ ашылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада электромобильдерге ғана арналған көлік тұрағы ашылуы мүмкін. Мұндай шара 2018-2020 жылдарға арналған қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі кешенді жоспарда қарастырылған. Бұл жайында Қазақстанның Экологиялық ұйымдары қауымдастығы басқармасының төрайымы Айгүл Соловьева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Астананың 2018-2020 жылдарға арналған жоспарында электромобильді пайдалануды ынталандыру үшін жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасын әзірлеу және бекіту сынды бағыт қамтылған.  Сөз тек электромобильдерге арналған арнайы көлік тұрақтары орындарын анықтау жайында болып отыр. Мұндай орындар барлық әлеуметтік маңызы бар және әкімшілік нысандардың, сауда-ойын сауық орталықтарының жанындағы көлік тұрағы орындары санының кемінде 10 пайызы болуы тиіс», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, 100 электрмен қуаттау стансасын орналастыру үшін арнайы орындарды белгілеу жоспарланған. Ал осынау ілкі жобаны жүзеге асыру  «Оператор РОП» ЖШС-не тапсырылмақ.

«Қала әкімі Бақыт Сұлтанов жоспардың осы және өзге де шараларын жүзеге асыру әрі орындау бойынша кеңесті тұрақты өткізіп отырады. Соңғы кездесуде электроавтобустар сатып алу жайы талқыланды. Ол үшін бағдар айқындалып, жобаны жүзеге асыруға үміткер компания айқындалып жатыр», - деді Айгүл Соловьева.

Қауымдастық қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын 8 бағыт бойынша әзірлеуде. Қазіргі уақытта қауымдастық 10 облыс және қаламен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Автор: Дамир Байманов

Соңғы жаңалықтар