12:43, 06 Наурыз 2013 | GMT +5
Астанада «Теміржол аруы» фотобайқауының жеңімпазы анықталды
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының «Теміржол аруы» атты фотобайқаудың қорытындысы шығарылды.

«Қарағанды - Сортировочная» стансасының кезекшісі Марал Арықбаева үшінші орынға ие болса, «Теміржол жөндеу» АҚ іс басқару және кадр жұмысы бөлімінің маманы Александра Агафонова екінші орынға сай деп танылды. Ал, «Қазтеміртранс» АҚ іс басқару және ұжыммен жұмыс басқармасының бас маманы Минуар Сарқыншақова жүлделі бірінші орынды иемденді.
Сондай-ақ, «Көрермен көзайымы» аталымында Перизат Керейбаева, Ильмира Бакиева және Гауһар Орынбасаровалардың бағы жанды.