18:29, 11 Қараша 2011 | GMT +5
Астанада теміржол рельстерін ұрлаған күдікті ұсталды - Көліктегі ІІД
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Астана қаласында «Барьер», «Браконьер» жедел-алдын алу шарасы барысында «КамАЗ» көлігінің жүк салғышынан ешқандай құжаттары жоқ рельстер мен шпалдар табылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
Үлкен жүк тиеген көлікті ең алдымен Астана станциясы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Малахов көшесінің бойында байқаған болатын.
Көліктегі ІІД-нің хабарлауынша, жүк көлігін басқарып келе жатқан 56 жасар жүргізуші, бұрын сотталмаған, жергілікті ЖШС бірінде жұмыс істейтін, Ақмола облысы Астрахан ауданының тұрғыны болып шықты.
Көліктің жүк салғышында жатқан 6 рельс пен 15 шпалдың қайдан келгенін жүргізуші айтып бере алмады және оларға қатысты құжаттары да болмай шықты.
Қазіргі таңда көлік полицейлері «КамАЗ» көлігіндегі теміржолды бағыттайтын жоғарғы қалыптастыру бөліктерінің қайдан алғанын және қайда апара жатқанын анықтауда.
Содан кейін ғана келтірілген шығын сомасы есептеледі.