Астанада теннисші Гозаль Айнитдинова Президент кубогының екінші айналымына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат -Гозаль Айнитдинова үлкен теннис бойынша сыйлық қоры 125 мың доллар «Президент Кубогы-2016» (President's Cup) халықаралық турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Қазақстан Теннис федерациясының сайты.

Астанада теннисші Гозаль Айнитдинова Президент кубогының екінші айналымына шықты

Бірінші айналымдағы матчта қазақстандық спортшы ресейлік Лусинэ Аванесяннан басым түсті. Матч қорытындысы - 6:4, 2:2 қарсыласы ойынды жалғастырудан бас тартты.

Өкінішке қарай, бірінші айналымдағы матчта Камила Керімбаева Влада Екшибаровадан 6:4, 5:7, 3:6 есебімен жеңілді. Сондай-ақ, қазақстандық Денис Евсеев екінші айналымға шыға алмады. Ол екі сетте жапониялық Юя Кибиден 0:6, 4:6 есебімен ұтылды.