Астанада теннистен Федерация кубогы І тобының матчтары өтеді

Командалар Қазақстан астанасына 4 ақпан күні келіп, жаттығуларын өткізеді. 5 ақпанда командалардың капитандары өзара күш сынасады.
6 ақпан күні таңғы 11-ден бастап Қазақстан - Тайланд, Қытай - Океания, Корея - Индонезия матчтарын тамашалауға болады.
Келесі күні Қытай - Корея, Үндістан - Таиланд және Индонезия - Океания матчтары болады.
Соңғы тур ойындары 8 ақпанда өтеді. Онда Қазақстан Үндістанмен ойнайды, сондай-ақ Қытай - Индонезия, Корея - Океания кездесулері өткізіледі.
9 ақпан күні 11:00-де теннистен Федерация кубогы Азия/Океания аймағы І тобы матчтарының финалы өтеді. Онда ІІ Әлемдік топтың плей-офф кездесулеріне жолдама беріледі.
Еске сала кетсек, Астанада Қазақстан мен Португалия арасындағы Дэвис кубогының бірінші раунд матчы аяқталды. Португалияны 3:1 есебімен жеңген Қазақстан Дэвис кубогының финал кезеңіне шықты.