19:48, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Астанада теннистен Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты басталды
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – Астанадағы Ұлттық теннис орталығында жүлде қоры 1,5 млн. теңге болатын теннистен Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты басталды.
Турнирдің негізгі сетінде еліміздің аса күшті ойыншылары ? Галина Воскобоева, Ярослава Шведова, Сесиль Каратанчева, Валентина Старкова, Алексей Кедрюк, Юрий Щукин, Михаил Кукушкин, Сырым Әбдіхалықов және басқалар бар, деп хабарлады ҚазАқпарат Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгін негізгі сеттің ойындары басталады. Ерлер арасында алғашқы айналымнан мыналар өтті: шымкенттік Данил Браун Роман Каспаровты айқын басымдықпен жеңді (6:0, 6:0), шымкенттік Сержан Есенбеков алматылық Еркебұлан Жақсылықовты (6:0, 6:0) ойсырата ұтты. Қарағандылық Алексей Нестеров шымкенттік теннисші Қайрат Көшеровтан басым түсті (6:3, 6:2), қос алматылық Станислав Быков пен Максим Филипповтың арасындағы сайыста алғашқысының жұлдызы оңынан туды (3:6, 6:3, 6:3).Әйелдер арасында бірінші айналымнан мыналар өтті: петропавлдық Дарья Бережная шымкенттік қарсыласы Залина Хайрудиновадан (6:2, 6:2), алматылық Анастасия Бесараб павлодарлық Юлия Кнаубтан (6:1, 7:5) басым түсті. Шымкенттік теннисші Кәмила Керімбаева алматылық Екатерина Сағитованың жолын кесті (6:3, 6:2), Алматының екі өкілі ? Әсел Арғынбаева мен Изабелла Исмаилованың арасындағы сайыста ? Әсел үздік өнер көрсетті (6:1, 6:0).