Астанада теннистен қысқы чемпионат өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Ұлттық теннис орталығында 16-20 қаңтар аралығында үлкен теннистен ересектер арасындағы ҚР Қысқы біріншілігі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Турнирге Қазақстанның барлық аймағынан ең үздік теннисшілер қатысады. Чемпионат жеке және жұптық бәсекеде әйелдер мен ерлер арасында өтеді.
Доданың ашылу салтанаты 16 қаңтар күні сағат 09:00-де болады. Теннис федерациясының таратқан мәліметі бойынша келем деушілерге кіру - тегін.