Астанада теннистен «Президент кубогы» өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында  16-22 шілде аралығында теннистен дәстүрлі халықаралық «Президент кубогы - 2018» турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада теннистен «Президент кубогы» өтеді

ҚР Теннис федерациясының таратқан мәліметтеріне сүйенсек, аталған турнирде әлемнің 30 елінен ең үздік деген 200 теннисші бақ сынамақ. Астанаға атбасын бұратын теннисшілер арасында әлемдік рейтингтің ТОП жүздігіне енгендер де бар.

«Президент кубогы - 2018» турниріне Қазақстан құрамасынан Александр Недовесов, Тимур Хабибулин, Деннис  Евсеев, Роман Хасанов, Гүзел Айнитдинова және Жібек Құламбаева қатысады.

Жарыстың жүлде  қоры да қомақты, 205 000 АҚШ долларын құрайды.